Жамбыл облысының тұрғындары зиратқа ұрлыққа түскен
2024 жылғы 26 қазанда Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
ҚР ҚК-нің 24-бабы ("Қылмысқа оқталу") және ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.
Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысты бар-жоғы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?