«Полиция іздеп жатыр»: ІІМ Жәнібекке қатысты мәлімдеме жасады
Полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың (Джани) ата-анасын іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан анасын іздеген еуропалық Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық істің қозғалған не қозғалмағанын сұраған еді.
«Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеуде. Қазір сіздерге Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Тағы оқыңыз: Генетик ғалым Жәнібектің қай рудан екенін анықтап берді
Еске сала кетейік, бельгиялық Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын табуға қатысты еліміздің Бас прокуратурасына өтініш жібергені туралы хабарлаған едік.
Тағы оқыңыз: «Қатты қиналып жатыр»: Жәнібек күтпеген мәлімдеме жасады
Сондай-ақ Қазақстанға келген кезде ол Астанадағы балалар үйіне барған.
Сіздің реакцияңыз қандай?