Түркістанда ақша ұрлады деп айыпталған есепші тексеру кезінде суицид жасады
Есепші 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінген болатын.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оқиға 25 қаңтарда болған. Алайда полиция ақпаратты енді ғана енді ғана таратып отыр.
Мақтаарал аудандық полициясы қылмыстық кодекстің 105-бабының бірінші бөлігі "Өзін өлтіруге итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасы тексеру жүргізіп, экономикалық тергеу департаменті Мақтаарал ауданына қарасты аудандық білім бөлімінің есепшілеріне қарсы бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жауап берді. Әзірше қандай сома туралы айтып отырғаны белгісіз.
"Қазір экономикалық тергеу бөлiмi Мақтаарал аудандық бiлiм бiлiмiнiң есепшiлiктерiне қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 189-бабы 4-бөлiгi 2 -тармағындағы "Мемлекеттiк бюджеттен қаражат жымқыру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 201-бабының 1-бөлігіне сай сотқа дейіңгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды", - делінген Түркістан облысы Экономикалық тергеу департаменті хабарламасында.
Білім басқармасы қызметкерінің жағдайы туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ, бүгін, 17 ақпанда әлеуметтік желілерде ведомствоны небәрі 4 ай бұрын басқарған білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтің ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Әзірге ақпарат ресми расталмады.
Сонымен қатар Түркістан облысы Жетісай ауданындағы білім саласының есепшілері 530 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Сіздің реакцияңыз қандай?