«Тренд жабылсын»: Ләйлә Сұлтанқызы хит жүзімдердің зиян екенін айтты
Атақты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде трендке айналған жүзімдердің денсаулыққа кері әсері туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, қант диабентімен ауратын кісілерге жүзімді жеу – ағзаға қауіпті. Сонымен қатар, бұл өнім Қазақстанда шығарылмайды және сыртындағы жазу көбінесе тұпнұсқаға жатпайтынын да айтты.
«Бір бұтағының бағасы Жапонияда 12-60 еуро арасында, Кореяда 37, еуро ал Қытайда 6-12 еуро екен. Бұдан шығаратын қорытынды, бұл жүзім Қытайдан әкелінеді. Дәмі өте тәтті. Қант құрамының калориясы 20-дан асады. Артық салмақ қосып аламын деушілерге мүлдем жемеуге кеңес беремін», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?