«Тойы болуы керек еді»: Құлсарыда әкесімен бірге опат болған жігіт туралы тың дерек шықты
Олардың денесі өз үйлерінен бір шақырым жерден, 1,5 су астынан табылды.
Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесімен бірге жоғалып кетіп, денесі табылған 24 жастағы жігіт туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде марқұм болған жас жігіт 14 сәуірге үйлену тойын белгілеп қойғандығын мәлімдеді.
Су басқан үйін қарауға шыққан әкесі мен баласын іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Олардың денесі өз үйлерінен бір шақырым жерден, 1,5 су астынан табылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?