Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Қазан 12, 2024 - 09:47
Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Талғарда жауыздықпен қайтыс болған 16 жастағы Шерзат Болаттың үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Куәгерлер өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үйдің толығымен жанып кеткенін жазуда.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow