Ант қабылдауына анасы келе алмаған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды

Шілде 12, 2024 - 11:10
Шілде 12, 2024 - 11:12
Ант қабылдауына анасы келе алмаған сарбаз президенттік полкке ауыстырылды

Ант беру рәсіміне жақындары келе алмаған әскери қызметші  Александр Землянкин «Айбын» Президенттік полкіне ауыстырылды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Александр Землянкин есімді жігіттің ант тапсыру рәсімінде түсіріліген видеосы тарады. Онда анасының белгілі бір жағдайларға байланысты салтанатты рәсімге келіп, қатыса алмағаны айталды. Сарбаздың видеосы көптің жүрегін елжіретті. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында Александр Землянкин «Айбынға» ауыстырылғанын мәлімдеді.

«Қорғаныс министрлігі 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер А.Землянкин ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президенттік полкіне ауыстырылды»,– делінген жазбада.

Сарбаз өз кезегінде қуанышын бөлісіп, Отанға адал қызмет ететінін айтып, ант етті.

«Мен командирлерім мен жолдастарымды жерге қаратпаймын. Командирлердің барлық бұйрығын адал орындаймын», – дейді Александр Землянкин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР МКҚ | СГО РК (@sgork_official)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow