Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін Талғар ауданының прокуроры жұмысынан босатылған.
Алматы облысының Талғар ауданына жаңа прокурор болып Ерлан Тағаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа қызметкерді Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев таныстырды.
Ерлан Әлижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.
Сіздің реакцияңыз қандай?