Тахир Халимназаров әскерде комаға түскен сарбаздың сотына қатыспақ
Отарда комадан оянған 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат тамызда үйіне оралды. Сарбаздың ісі бойынша сот отырысы өтеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Нұржігіттің әкесі Тимур Жаналин БАҚ-қа алдағы сот процесі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, сотқа Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Салтанат Нүкенованың жарақат алу себептері туралы қорытынды жасаған белгілі сот сарапшысы Тахир Халимназаров қатысады. Тимур Жаналин атап өткендей, Тахир Халимназаров Нұржігітпен болған жағдайға бей-жай қарамады және бұл іске қатысуға келісті. Енді жәбірленуші тарап медициналық сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр.
Бұл ақпаратты сот-сарапшысы Тахир Халимназаровтың өзінен сұрап, растадық.
«Ол іске сарапшы ретінде қатысып жатырмын. Ол жерде комиссиялық сот-сараптамасы жүргізіліп жатыр. Олардың қатарына мен де сот медициналық сарапшысы ретінде қосылдым. Туысқандары адвокат арқылы тергеушінің атына өтініш жазып, мені қосуды талап еткеннен кейін, қаулы шығарып мені қосты. Тараз сот сараптама орталығының сарапшыларымен бірге қосылып жасап жатырмыз, сараптама әлі аяқталған жоқ», - дейді Тахир Халимназаров.
Сіздің реакцияңыз қандай?