Тағы бір сарбаз әскерде көз жұмды

Маусым 13, 2024 - 21:53
Маусым 13, 2024 - 22:00
Тағы бір сарбаз әскерде көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Оқиға бүгін Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. 

“Кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow