Төрт мың бөдене өртеніп кетті: Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шықты

Құстар аман қалмаған.

Ақпан 28, 2024 - 08:55
Ақпан 28, 2024 - 08:56
Төрт мың бөдене өртеніп кетті: Қызылорда облысында құс фабрикасынан өрт шықты
Фото: depositphotos.com

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасының жеке ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды sadaqmeadia.kz ақпарат порталы. 

Куәгерлердің айиуынша, ғимаратта 4000 бөдене болған. Құстар аман қалмаған. Өрт сағат 06:12-де сөндірілді. 

"28 ақпанда сағат 04:37-де құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбесі 288 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себептері анықталуда", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow