Сүйінші: Қазақ ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты
Қазақстан ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қазақ ғалымдары ойлап тапқан бұл препаратты қабылдаған 15 адам 30 пайызға айыққан. Бұл жайлы 16 шілдеде үкіметте өткен брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
«Бұл дәрі-дәрмекті келесі жылы тіркеуге шығарамыз деген сенімдеміз», деді министр.
Тексеру мақсатында, еріктілерден тоқішек қатерлі ісігінің 4-сатысы анықталған науқастар қатысқан.
Министр жыл басында жаңа дәрі қатерлі ісіктің жасушаларын жоятынын және оны 15 адамның қабылдап жатқанын айтқан еді.
«Қолымда тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған DVC атты онкологиялық дәрі-дәрмек тұр. Қазір осы дәрімен 15 кісі емделіп жатыр. Олар – Алматыдағы онкология және радиология институтында. Біз бірінші клиникалық кезеңнен өттік. Қазір оның нәтижесін жинақтап жатырмыз. 1-2 жылдың ішінде нарықта тұңғыш рет Қазақстанда шығарылған онкологияға қарсы дәрі пайда болады деген үміттеміз. Біздің ғалымдар (қатерлі) ісік жасушаларының қорыту процесін бұзатын дәріні ойлап тапты. Нәтижесінде, бұл жасушалар «аштан» өледі. Бұл – онкологиялық аурулармен күресудің тың әдісі», – деген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?