«Сұмдық дәстүр»: құдасын сүйреп, қылқындырған әйел көпшіліктің сынына қалды

Құда деген сыйлы адам, «құдаңды Құдайыңдай сылай» деп бекер айтпаған.

Мамыр 4, 2024 - 19:39
Мамыр 4, 2024 - 19:40
«Сұмдық дәстүр»: құдасын сүйреп, қылқындырған әйел көпшіліктің сынына қалды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде құдасының мойнына орамал асып, қылқындырып сүйреткендер әйел желі қолданушыларының ашуын келтірді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Ағамызды қылқындырдыңдар ғой, ағамыздан айырылып қала жаздадық қой. Қазақтың салты ғой», - дейді видеоны түсіргендер.

Желі қолданушылары олардың өрескел қылығын сынап, мұндай салт-дәстүр қазақта жоқ екенін жазған.

«Ондай салт қазақта жоқ. «Құда тартар» деген бар. Бірақ онда бұлай сүйремейді.Қалжыңдап, солай тартамыз деп әзілдейді. Ал құдалар, жөн білетін адамдар жолдарына қаражат береді. Ал бұл өте ерсі нәрсе. Құда деген сыйлы адам, «құдаңды Құдайыңдай сылай» деп бекер айтпаған. Заман не болып кетті? Әркім ойына келгенін істейді», - деп жазған олар.

Осыған дейін ақпарат агенттіктерінің біріне берген сұхбатында этнограф Болат Бопайұлы осы дәстүр жайында түсіндірген.

«Құда тарту» дәстүрі туралы «Жігіт жақтан құда түсіп келген құдалардан сол жөн-жоралғы алу үшін қыз жақтың әзілқой жеңгелері құдалар отырған үйге кіріп, кәде сұрап, ән айтып, би билеп, күй шертіп, жұмбақ жасырып, оны шешіп беруін өтінеді. Келген құдалар құдалық той дастарханын думанға бөлеп, бойындағы бар өнерін көрсетеді. Ал өнері болмаған құдалар кәде жолын беріп, басқаларды тыңдап, әңгімесін айтып отырады. Қазақ мұны «Құда тарту» деп атайды», - дейді ол.

Этнограф «Құда тарту» дәстүрін жасаймыз деп артық кетпеу керегін де еске салған.

«Қазақ құда-құдағи, құда бала, құдашаларын, үлкенінен кішісіне дейін ерекше құрметпен қарсы алады. Оғаш ерсі қылықтар жасамайды. Әдепсіздік көрсетпейді. Құдалық жақсы басталса, екі жас бақытты болады. Өмір бойы ренішсіз өтеді деп ырымдайды. Сондықтан құда келген үйге құт ілесе келеді. Жаман қылық, әдепсіз іс жасаса, сол үйден құт кетеді, бақ таяды деп сенеді де, құдалардың қас-қабағын күзетіп ренжітпей аттандыруға тырысады», - деп қорытындылаған екен.

Дереккөз: Azattyq Ruhy.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow