Су басқан Құлсары тұрғындарының наразылығы әлі басылмай тұр

Мамыр 16, 2024 - 18:37
Мамыр 16, 2024 - 18:38
Су басқан Құлсары тұрғындарының наразылығы әлі басылмай тұр

Құлсары қаласындағы халық наразылығы әлі басылмай тұр. 15 мамыр күні үш жүзден аса тұрғын аудандық әкімшілік ғимаратының қасына палатка құрып алған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

azh.kz сайтының жазуынша,  тұрғындар «үйдің шаршы метрін нарық бағасы 400 мың теңгемен есептелсін, әрі бұл қаржы берілсін» деген талап қойған.

Облыс әкімнің орынбасары Жасұлан Бисембаев шығып,  тұрғындардың талабын жартылай ғана орындай алатынын айтады.  
«Біз ақылдаса келе үйдің шаршы метрін 200-240 мың теңгемен бағалаймыз деп шештік. Қазақстанда баға солай, ағайын, түсініңіздер. Одан артық болмайды. Мәселен, 200 шаршы метр үйіңіз болса, 40 млн теңге аласыз. Бағалау қорытындысын бастадық, енді осылай жалғаса береді, -дейді ол.  
Алайда жиналғандар бұл талапқа көнгісі жоқ .

Бүгін Облыс әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндіргені белгілі болды. Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша,

Өңір басшысы мүлкі апатты деп танылған зардап шеккендерге өтемақы нарық құны бойынша төленетінін, Құлсары қаласы бойынша зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына шамамен 200-240 мың теңге төленетінін түсіндірген. Бұл қаржы жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсауға тиіс.

«Қазір бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккендер бағалау қорытындысымен және мүлікті техникалық сараптау қорытындыларымен танысып, ақшалай қаражатты төлеуге өз келісімін беруі тиіс. Төлем екі апта ішінде жүргізіледі», - деп атап өткен Серік Шәпкенов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow