Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі адамы асылып қалды

Бауырлар атасы мен әжесінің қолында өскен.

Сәуір 29, 2024 - 14:58
Сәуір 29, 2024 - 15:36
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі адамы асылып қалды
Фото: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы суицид жасаған, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Nayza Kokshe Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Айыртау ауданы Имантау ауылында 22 жастағы келіншек пен оның 17 жастағы інісі бір күнде өздерін өлтірген.

«Жексенбі күні 22 жастағы келіншек үйдің жанындағы сарайда асылып қалған. Оны көрген 17 жастағы інісі қатты шошып, орманға қарай қашып кеткен. Жігіт те асылып өлді», - деп жазылған хабарламада.

Бауырлар атасы мен әжесінің қолында өскен. Әкесі қайтыс болған, анасы тастап кеткен. Келіншектің жақында тұрмысқа шыққаны, оның артында 1 жарым жасар баласының қалғаны айтылады.

Полиция өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow