«Ауылдың баласы ма?»: Су тасқынымен күрес кезінде суретке түскен Raim-ды жұрт танымай қалды
Танымал әнші Raim-мен су тасқынымен күрес кезінде ауыл тұрғындарының бірі өнер иесімен естелік суретке түсіп, отбасылық чатқа жіберген. Ер адамның әйелі әншіні танымай, оны ауылдың баласы деп ойлап қалған көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отбасылық чаттағы әңгіме әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Желі қолданушылары да Raim-ның «жаңа образынан» әншіні танымай қалғанын жазған.
«Шыны керек мен де танымай қалдым», «Ауылдың баласы ғой, тек ән айтатыны болмаса», «Қарапайым ауылдың баласы ғой, кең пейілді», «Мен де солай ойлайтын едім, шынымен қарапайым ауыл баласы»,- деп жазған олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?