«Сіз естілмей тұрсыз»: Интернет сапасы талқыланған Үкімет отырысы кезінде байланыс үзіліп кетті
Интернет сапасы талқыланған Үкімет отырысы кезінде байланыс үзіліп кетті, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
«Біздің алдымызда облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды коммуникациямен қамтамасыз ету міндеті тұр, бұл жұмыс Ақтөбе және Атырау облыстарында нашар жүргізілуде», - деді Олжас Бектенов.
Одан кейін Премьер-министр сөз кезегін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа берді, ол жиынға онлайн қосылғанымен, сол сәтте байланыс үзіліп қалды.
«Асхат Берлешұлы, Ақтөбе облысы қайда? Сіз естілмейсіз. Біз байланыстың сапасы туралы айтып отырмыз, ал өзімізде байланыс жоқ», – деп атап өтті Бектенов.
Speedtest Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша 66-орында. Бұл ретте қазақстандықтар нашар байланысқа жиі шағымданады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, халықаралық деректерге сүйенсек, Қазақстанда интернетті пайдаланатын халықтың үлесі дамыған елдер деңгейінде. Бүгінгі күні бүкіл әлемде интернетті тұтыну қарқынды өсіп келеді. Қазақстанда 2020 жылға қарағанда трафик 61,5%-ға, ал абоненттер саны 12,9%-ға өскен.
«Speedtest Ookla-ның 2024 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, Қазақстан 43,62 Мбит/с орташа Интернет жылдамдығымен 66-орында тұр (Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанға қарағанда жоғары)», - деді Мәдиев үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол Кселл және Теле2 Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестицияларының көлемі 450 миллиард теңгеден асады», - деді министр.
Сіздің реакцияңыз қандай?