Шерзаттың өлімі: Министр қылмыстық іс қай баптар бойынша тергеліп жатқанын айтты

Қазан 28, 2024 - 12:16
Шерзаттың өлімі: Министр қылмыстық іс қай баптар бойынша тергеліп жатқанын айтты
Фото: Gov.kz

16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

«Талғар қаласында болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық), 115-бабы (Қорқыту), 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (Қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеуде», — делінген министрдің жауабында.

Ведомство басшысының дерегінше, қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

Ержан Сәденов тергеу жалғасып жатқанын баса айтты.

«Оның барысында оқиға болған жерде болған басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», — деді Ішкі істер министрі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow