Рудный қаласында диірменде 4 жұмысшы қаза тапты
Рудный қаласында диірменде 4 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға 6 қазанда болған.
Рудныйдағы 112 пультіне тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалау кезінде 4 адам төмен түсіп, одан шықпағаны туралы ақпарат түскен.
«Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Сіздің реакцияңыз қандай?