Ресейдегі лаңкестер шабуылынан 40 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланды
Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қанды оқиғадан әзірге тарап жатқан ақпараттарға қарағанда, 40 адам қаза тауып, 100 адам жараланған.
«Крокус Сити Холл» концерт залында «Пикник» тобының концертіне келген көпшілікке кем дегенде үш адам автоматтан оқ жаудырған. Оқиғадан соң іле-шала концерт залынан өрт шықты. «Крокус Сити Холл» концерт залында жарылыс болғаны да айтылуда.
Қазіргі кезде «Крокус Сити Холл» өртеніп жатыр.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев жедел штаб құрылғанын хабарлады.
Қаза тапқандар мен жараланғандар қатары әлі де артуы мүмкін.
Подмосковьенің Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық қызметкерлері екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті.
Сауда орталығының күзетшілерінде атыс қаруы болмаған. Олар тек сойылдармен және электродубинкамен қаруланған.
Алдын ала мәлімет бойынша, алғашқылардың бірі ретінде бірнеше сақшы қаза болуы мүмкін.
Атыс кезінде Крокуста 6200 адам болған.
2 апта бұрын АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі өз сайтында Мәскеудегі адам көп жиналатын жерлерде шабуыл болатынын ескерткен
Бұл ескертуді Ұлыбритания елшілігі де өз сайтында жариялаған.
8 наурыз қарсаңында, АҚШ елшілігі алдағы екі күнде белгілі бір экстремистер шабуыл жоспарлағанын мәлімдеген.
“Аты-жөні аталмаған экстремистер алдағы 48 сағатта Мәскеуде шабуылдар жоспарлап отыр”, - делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік әрекетті қатаң айыптайтыны әрі терроризмді мүлде ақтауға болмайтынын атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?