Қолын сүймегені үшін баланы шапалақпен ұрған Ердоғанның әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Шілде 30, 2024 - 16:37
Шілде 30, 2024 - 16:36
Қолын сүймегені үшін баланы шапалақпен ұрған Ердоғанның әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Риза қаласында жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде қолын сүймеген бес жасар баланы шапалақпен бетінен салып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Ризадағы Ердоғанның видеосы тарап, түркиялықтардың арасында қызу талқыға түсті.

Видеодан екі баланың Ердоғаннан сыйлық алу үшін сахнаға шығып бара жатқанын көруге болады. Олардың бірі қолын созған президентке жақындап, оған қарады. Оның қолын сүймегені үшін Ердоған баланың бетінен шапалақпен тартып жібереді. Содан кейін басқалар Ердоғанның қолын сүю керегін айтады. 

Түркияда үлкендердің, әсіресе аталар мен әжелердің, қоғамдағы беделді адамдардың қолын сүю дәстүрі бар. Осылайша үлкендердің жасына, даналығына құрмет көрсету әдетке айналған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow