«Қазақстанға баяғыда көшер еді»: Смадияров Ирандағы қазақтар туралы (ВИДЕО)
Ирандағы этникалық қазақтар соғыстың өршуіне байланысты атажұртына оралуға ниет танытқанмен, Қазақстан билігі оларды елден шығара алмайды. Бұл туралы бүгін жедел брифинг өткізген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
Azattyq Rýhy тілшісі Ирандағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы сұрақ қойып, атажұртқа оралғысы келетін қандастардың жай-күйін сұрады.
«Тағы да қайталап өтейін, қандас болса да, олар сол елдің азаматтары. Оларды біз елге шығара алмаймыз. Екіншіден, отыз жылдың ішінде Қазақстанға көшеміз десе, баяғыда көшетін еді. Сондықтан, әзірге, біздің ең бірінші мақсатымыз - Қазақстанның азаматтарын эвакуациялау. Сосын барып ұсыныс түссе, басқаларға кірісеміз», - деді Смадияров.
Сіздің реакцияңыз қандай?