Путин Солтүстік Кореяға барды

Маусым 19, 2024 - 11:39
Маусым 19, 2024 - 11:39
Путин Солтүстік Кореяға барды

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға сапармен барды. Оны Пхеньян әуежайында Ким Чен Ынның өзі қарсы алды.

Екі елдің басшылары қызыл кілеммен жүріп өтті, оның бойында қарауыл тұрды. Көшбасшылар бірнеше минут сөйлесіп, содан кейін мемлекет басшыларының кортежі әуежайдан кетті.

Бүгін олар келіссөздер жүргізеді, оның ішінде кеңейтілген құрамда көшбасшылардың бейресми жиналысы жоспарланған. Олар пандемияға байланысты үзілген гуманитарлық байланыстарды қалпына келтіру жолдарын белгілейді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, ресейлік БАҚ Владимир Путин мен Ким Чен Ын қауіпсіздік, экономика, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық мәселелерін қозғайтынын жазды.

Солтүстік Корея -  Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысына тікелей қолдау көрсететін және аннексияланған Қырымды мойындаған әлемдегі бірнеше елдің бірі. Путин бұған дейін Солтүстік Кореяға 2000 жылы барған, ол кезде елді Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ир басқарып тұрған еді.

Сапар алдында жарияланған мақаласында Путин Солтүстік Кореяға Ресейді Украинаға қарсы соғыста қолдап отырғаны үшін алғыс айтқан. Солтүстік Корея Ресей армиясына артиллерия снаряды мен ракета жүйелерін жеткізеді, ал Мәскеу мұның қарымы ретінде Пхеньянға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тыйым салған ракета бағдарламасына көмектеседі деген ақпарат бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow