«Президент жүретін көшені фейримен жуып...»: су басқан облыс әкімдері алашапқын болып жатыр

Қазір барлық облыстың басшылары әуежайларына генуборка жасап жанталасып жатыр деседі.

Сәуір 3, 2024 - 09:23
Сәуір 3, 2024 - 13:44
«Президент жүретін көшені фейримен жуып...»: су басқан облыс әкімдері алашапқын болып жатыр

Тасқын тосыннан келді деп тосырқап қалған әкімқаралар тіптен тыпыршып отырған шығар. Төртінші сәуір күні Тоқаев су басқан аймақтардың біріне барамын депті. Бірақ Астанадан ұшып шығатын Airbus 330 ұшағының қай әуежайға қонары белгісіз. Оны кейін айтамыз дейді АП-дағы ағалар.

Президенттің кез-келген сапары алдын ала жоспарланып, бекітілетінін ескерсек, бұл сапар жасырын жүріс болайын деп тұр. Яғни, су басқан сегіз облыстың әкіміне сигнал. Тіпті осы жолы кейбір әкімдерді алып тастайды деген де болжам айтылуда. Сол себепті Президент айтпай жетіп барып, нақты картинаны көзбен көргісі келетін сияқты. Әйтпесе, әкімдер жерәлем лайсаң болып жатса да қызыл кілем төсеп, президент жүретін көшелерді фейримен жуып, оншақты тұрғынды жиып алып, алғыс айтқызып қояр еді.

Қазір барлық облыстың басшылары әуежайларына генуборка жасап жанталасып жатыр деседі. Тіпті эвакуациялық орталықтарға құс жастық пен мамық көрпе жеткізіп жатқан көрінеді. Ондағы халыққа құстың сүті мен жылқының өтінен басқаның бәрін беріп, тек президент келгенде бізді жамандай көрмеңдер деп жалбарынып жатыр екен. Әкімдер өзара ортақ чат құрып, әр өңірдегі бақсы-балгер мен көріпкелдердің болжамымен бөлісіп отыр екен. Тек Досаев пен Жеңіс Қасымбек қана қаннен қаперсіз дейді.

Сонымен Тоқаев қай өңірге барады деп ойлайсыз? Өз болжамыңызды комментке жазыңыз.

Журналист Диас Нұрақынның Facebook пaрaқшaсынан

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow