Петропавлда су бөгеті жарылды: қалада төтенше жағдай жарияланды (ВИДЕО)
СҚО-да 580 жеке үй мен 785 аула аумағы су астында қалып отыр.
Петропавл қаласында су бөгеті жарылып, «Подгора» ауданын су басты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бөгетті биіктетіп нығайтуға қала тұрғындарымен қатар, әскерилер, еріктілер атсалысқан еді. Алайда, мол суға шыдас бермеді.
Петропавл қаласының, сондай-ақ СҚО-ның Тайынша, Қызылжар, Есіл және Ғ.Мүсірепов аудандарының әкімдері жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялады.
Жедел штаб облыс аумағында су тасқыны жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізеді.
Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен уақытша қамтамасыз ету үшін сорғы станциясында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының өрт сорғы станциялары жұмылдырылды.
Су құбыры желісі толтырылған бойда шамамен 19:00-ге дейін пәтерлерге су беру жоспарланып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?