Павлодарда екі оқушы қыз зорланды
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов екі кәмелетке толмаған қыздарды зорлау оқиғасы бойынша тергеу басталғанын айтты, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz сатына сілтеп.
"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынды", - деді ол.
Бұған дейін Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева өзінің Instagram-парақшасында зардап шеккендермен кездесіп, сөйлескенін айтқан. Жасөспірімдер 15 және 17 жаста.
"Олардың ешқайсының зорлық-зомбылықты біреуге айтуға, бөлісуге батылы жетпеді. Тіпті, қыздардың бірі бірнеше күн отыра алмағанын мойындады. Мен қолын ұстағанда дірілдеп, көз жасын төгіп, қиналып жылады. Мен оған бұл жағдайда оның кінәлі емес екенін түсіндіруге тырыстым, – деп жазды Сәуле Шәкенева.
Ол көбінесе ондай қадамға жақын ортадағы адамдар – әкелер, өгей әкелер, басқа туыстар, бірге тұратындар, көршілер, отбасылық достар баратынын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?