Өзбекстанның бокстан бас жаттықтырушысының Хасанбой Дусматовтың жеңісін тойлау кезінде жүрегі тоқтап қалды

Тамыз 11, 2024 - 10:00
Тамыз 11, 2024 - 10:02
Өзбекстанның бокстан бас жаттықтырушысының Хасанбой Дусматовтың жеңісін тойлау кезінде жүрегі тоқтап қалды

Өзбекстан бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Тулкин Киличев Хасанбой Дусматовтың жеңісін тойлау кезінде жүрек талмасына ұшырады. Оған Ұлыбритания бокс командасының мамандары алғашқы көмек көрсетуп, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы The Guardian-ға сілтеме жасап.

Ролан-Гаррос стадионының қыздыру аймағында 41 жастағы Тулкин Киличевке Ұлыбританияның бокс дәрігері Хардж Сингх пен физиотерапевт Робби Лиллис  алғашқылардың бірі болып көмекке жүгірген.

Дәиігерлердің айтуынша, Тулкин Киличев жасанды тыныс алу жаттығуын жасағаннан кейін шамамен 20-30 секундтан кейін есін жиған.

Кейін Киличев ауруханаға жеткізілген, қазір оның жағдайы тұрақты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow