Депутат дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға көлік тарту етті (видео)

Тамыз 11, 2024 - 13:23
Тамыз 11, 2024 - 13:24
Депутат дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға көлік тарту етті (видео)

ХХалықаралық аренадағы жетістіктерімен танылған қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақыноваға көлік тарту етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Еңбегі мен жетістіктері үшін спортшыға Kia автокөлігі сыйға берілді. Дзюдошыға көлікті депутат Айдарбек Қожаназаров тарту етті. 

Парижде өткен Олимпиадада Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресті. Тартысты өткен кездесуде ол Швеция өкілі Тара Бабулфатпен кездесті. Қазақ дзюдошысы табанды күреске қарамастан қарсыласынан жеңіліп, медальсыз қалды.

Айта кетейік, Әбужақынова 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, елге әлем чемпионатының жүлдесін әкелген тұңғыш қазақ дзюдошысы атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдарбек Ходжаназаров (@a1darbek)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow