«Оянады деген үмітпен жүрдім»: Наркенже Серікбаева марқұм анасына арнап жантебірентер жазба жариялады

Кеудемді өксік кернейді.

Наурыз 28, 2024 - 12:32
Наурыз 28, 2024 - 12:32
«Оянады деген үмітпен жүрдім»: Наркенже Серікбаева марқұм анасына арнап жантебірентер жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында дүниеден өткен анасына арнап жантебірентер жазба жариялады, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

"Ана! Жаным Асылым! Сенің мына өмірде жоқ екенің жаныма батады. Кеудемді өксік кернейді. Енді менің басымнан сипап, маңдайымнан сүйіп, жолыма кім қарайды? Кім еркелетеді? Анам бар деп арқа сүйейтін едім. Әлі де сене алар емеспін. Өзіңсіз өткен бір күнім ғасырға тең. Үміт оты соңғы сөнеді деген рас екенғой. Ұйықтап жатыр, оянады әлі жүз жасайды деген үмітпен жүрдім. Амал қанша Алланың үкімі. Қарсы келе алмаймыз. Бәріміз қайтушымыз. Мекенің жұмақ болсын Жәннатым.

Бар өмірін балаларына арнап, маңдай тер, табан етін тоздырып өсіріп жетілдірген, қанша қиындық көрседе, өміріне шағымдануды білмейтін, шүкіршілігін үзбеген Аңыз адамым менің. Біз деп өмір сүріп, ең жақсысын бізге сыйлап кете бардың ау. Ешқайсысымызды бөліп жармай кең жүрегіне сыйдырған Асылым. Осы күнге жеткенім алдымен Алла, одан кейін сенің дұғаңның арқасы еді. Маған бақытты өмір, қандай жағдайда да жанымнан табылып, қолдау көрсететін бауырларымды сыйладың жанымды жұбатар жалғыз амал осы Анашым. Енді тек дұғамдасыз, жүрегімдесіз.Сіздің берген тәрбиеңіз, әр айтқан сөзіңіз менің өмірлік азығым! Жаныңыз жәнната болғай. Аллахым рақымына бөлесін Жан Анам!" - деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow