Атырауда намазхан азамат көлігін сырып кеткен жүргізушіні ұрып өлтірді (ВИДЕО)
Атырауда базарлардың бірінде болған жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Желіде бейнебақылау камерасынан алынған видео тарап жатыр. Видеодан көліктен түскен бір адамның өзі секілді көлік жүргізушісін аямай ұрып жатқанын байқауға болады.
Куәгерлердің айтуы бойынша, жанжал жәбірленушінің абайсызда біреудің көлігін соғып кетуінен туындаған.
Ең өкініштісі, жүргізуші алған жарақатынан көз жұмған.
«Ауылдас бір ағамыз Дина базарының артындағы складтан зат алайын деп тоқтап жатып жанындағы машинаға тиіп кетіпті. Ішіндегі намаз оқитын (теріс ағымдағы иттер) машинадан секіріп түсіп сабап тастаған. Басын столбаға соғып, басының қақпағын ашып жіберген. Сол ағамызға бүгін уақыт болыпты», -делінген ФБ топтардың бірінде тараған ақпаратта. Сол секілді көз жұмған адамның Амандық Сағынғалиев екені айтылған.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі таңда аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», – деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Сіздің реакцияңыз қандай?