Мұратхан Тоқмәди абақтыдан шықпайтын болды

26 шілдеде Қонаев қаласының судьясы Мақсат Әмірқұлов Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдаған еді.

Тамыз 14, 2024 - 10:13
Тамыз 14, 2024 - 10:13
Мұратхан Тоқмәди абақтыдан шықпайтын болды

2004 жылы банкир Ержан Тәтишевті өлтіргені үшін сотталған Мұратхан Тоқмәди жақында шыққан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне қарамастан, Зареченск жалпы режимдегі колониясында қалатын болды, деп жазады Orda.kz. 

Orda.kz 2024 жылғы 26 шілдеде Қонаев қаласының судьясы Мақсат Әмірқұлов Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдағанын жазған болатын. Алайда оның бостандыққа шығуы Тәтішевтер отбасының жеке шағымына байланысты кейінге қалдырылды.

Қазіргі уақытта іс Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасында қайта қаралып жатыр. Бұл Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босатылуға үшінші рет жасаған әрекеті. Бұған дейінгі әрекеттерінде оған тергеу изоляторында болған уақыты есептеліп, жазасының мерзімі қысқартылған еді. Нәтижесінде тоғыз жарым жылдық жазаның жеті жылын өтеді.

Тоқмәдидің адвокаттары мен туыстары оның бостандыққа шығуға лайық екенін бұрыннан айтып, оның колониядағы тәртібі мен мәдени іс-шараларға қатысуын баса көрсетеді. Олар әділдіктің салтанат құратынына сенімді болып, оның абыройын қалпына келтіру үшін күресуге бел буып отыр.

Сонымен қатар, Тоқмәдидің отбасы бірқатар БАҚ-қа қарсы талап-арыз берді. Кейбір БАҚ өкілдері Мұратханды қылмыстық әлемнің серкесі және ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп атап жіберген. Туыстары моральдық шығын үшін миллиондаған теңге талап етіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow