«Мұны білгенде тұрмысқа шықпас едім»: Блогер ішкілікке салынған енесінен қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)

Инстаграмда күліп-ойнап жүргеніммен әр күн сайын жылайтынмын. Мені сағат сегізде пижамамен арақ алып кел деп далаға шығарып жіберді.

Қыркүйек 8, 2024 - 19:12
Қыркүйек 8, 2024 - 19:13
«Мұны білгенде тұрмысқа шықпас едім»: Блогер ішкілікке салынған енесінен қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)

Желіде «Доня» есімімен таныс блогер Аружан Бауыржанқызы отбасының ойран болуына енесін кінәлайды. Айтуынша, енесі ішкілікке салынып келіні мен баласына балағат сөздер айтып, үйден қуған. 

«Инстаграмда күліп-ойнап жүргеніммен әр күн сайын жылайтынмын. Мені сағат сегізде пижамамен арақ алып кел деп далаға шығарып жіберді. Осындай ішкілікке салынған отбасыға келін болып түсетінімді білсем, ешқашан тұрмыс құрмас едім», дейді «Астарлы ақиқат» бағдарламасында басынан өткенін баяндап берген блогер.

Ал ашуға булыққан енесі келін адал болса, осының барлығын айтпас еді, деп ренжіді.

«Мен әйел таңдаудан қателестім. Анам оны ерте тұрғызып ешқашан қинамаған. Шүкір, жұмысым бар. Ал ол мен өліп қалып жатсам менің баламды әрі қарай асырауы керек. Бірақ ол білім де алмаған», дейді кейіпкердің күйеуі.

«Енесі алқаш болса, мынадай үйде тұра ма?», «Әртіс қыз ғой», «Жас қыздың өмірін құртты», «Блогер келіннен сақтасын», «Арақ ішкен үйде береке жоқ», «Әр үйдің өз құписы бар», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. 

sn.kz

@astarlyakikat_ktk ????Астарлы ақиқат - Доняны «дуалаған» ене ⚡️ Дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 20:00-де КТК арнасынан «Астарлы ақиқат» бағдарламасын көріңіз! ????Бағдарламаның толық нұсқасын YouTube-KTK TV арнасынан көріңіздер ! #астарлыақиқат #динатолепберген #ктк #ктктелеарнасы #ктктв #телеканалктк #асхатсадырбай ♬ оригинальный звук - astarlyakikat_ktk

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow