«Мені алдап кетті»: белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейге өкпесін білдірді

Қараша 5, 2024 - 09:32
Қараша 5, 2024 - 09:47
«Мені алдап кетті»: белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейге өкпесін білдірді
фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов өзін толық метрлі фильмде актер ретінде сынап көрді. Белгілі актер Қайрат Әділгерей оны киноға түсу үшін көндіру оңай болмағанын жеткізді.

Қайрат Әділгерей «Кеттік бәрін таста» фильміне Уәлибек Әбдірайымовты көндіру үшін барын салғанын айтты.

«Уәлибек Әбдірайымов бізде әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай болса да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек екенін айтады. Бұл оңай іс болған жоқ. Бұл кісі бұған дейін қаншама кинодан бас тартты. Қалай келіскенімізді айтпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын», — деді актер.

Уәлибек Әбдірайымов та алғаш түскен фильміне қатысты пікір білдірді.

«Сценарий ұнады. Маған «құлдардың атаманы боласыз» деді. «Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?» деп сұрадым. Маған ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. «Шаншарда» хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді», — деді әзілкеш «Қызық Times» бағдарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow