«Мен Құдайдың қызымын» – Бадықова
«Келінжан» телесериалы арқылы танылған актриса Дариға Бадықова адамдардың кейбір армандары неге орындалмайтыны жайлы ой қозғады, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Неге арманымыз кеш орындалады? Болмаса мүлдем орындалмайды? Неге Құдай бізге беретінін кеш береді? Мен осыны өзімнен сұрап көрдім. Ниетіміздің дұрыс емес екендігінде ғой! Қызғаншақтығымызда! Жасаған күнәмізде! Дұрыс емес жолда жүргендігімізде. ЭГО-ның тым басымдылығында! Әке-шешеміздің құтыртып тәрбиелегенінде! Бір жерімізге қарамай өркөкірекпіз! Жалаңаяқ жүріп алып пасықпыз. Соның зардабын тартып отырмыз, омалып. Адам жақсы адам, тәуірлеу адам, нашар адам болып бөлінеді. Реніш болмасын! Бірақ кім өзін нашармын дейді?! Бәрі періште болғысы келеді. Тазалық, шынайылық, мейірімділіктің жоқ екенімен шаруамыз жоқ», – деді ол.
Актриса жолы болғыштығы жайында сөз қозғап, тағы бір фильм жайлы айтып оқырманын қызықтырып қойды.
«Құдай маған мүмкін емес дүниені мүмкін етеді. Менің сағымды сындыру қиынға соғады. Себебі ақыл-есім бар, Құдайдың қызымын. Бұрын «Алматыға кетемін, келмеймін» дейтінмін. Үйдегілер біртүрлі қарайтын. Сыныптастарымды «жұлдыз боламын» деп күлдіретінмін. Шүкір, Алматыда қалдым. Өнерде ойып орын алдым. Продюсер болып, тағы 1-орын алып көрсем бе деп отырмын. Елден көшіп кетпесін десеңіздер, әрине, менің орным болса, осы басталатын жобаны 3 миллиардтан асырайық. Одан асырмайтын болсақ, ренжимін. Ол қандай жоба, кім біледі? Қандай фильм екенін әзірге айтпай-ақ қояйын. Көзі өтіп кететін жандар бар екен. 3 млрд болады деп ғаламға үндеу жасаймын. Бұл фильм алуы керек. Себебі бұл фильм – көрерменнің фильмі», – деп жазды Дариға желіде.
Сіздің реакцияңыз қандай?