Мектеп оқушылары сабақ үстінде жұма намазын оқыған
Заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.
Желіде бір топ оқушының сабақ уақытында намаз жұма намазын оқып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
egovpress телеграм арнасы ақпаратта намаз оқып жатқан жасөспірімдердің 11 сынып оқушылары екені айтылған. Бейнежазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалардың қай мектептің оқушылары екені белгісіз. Сол секілді оқиғаның нақты қай өңірде болғаны да беймәлім .
Бүгін Оқу-ағарту министрлігі мектепте намаз оқыған оқушыларға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады. Ведомоства мамандарының айтуынша, оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.
Сіздің реакцияңыз қандай?