«Сабақ оқымаймын, сурет салу дұрыс емес, өлгім келед»: Имамның баласы мектеп тәртібіне бағынбай әуреге салған

Сегіз жасар оқушы жақында сыныптасын сабақ үстінде қылқындырып тастаған. 

Наурыз 2, 2024 - 15:15
Наурыз 4, 2024 - 09:32
«Сабақ оқымаймын, сурет салу дұрыс емес, өлгім келед»: Имамның баласы мектеп тәртібіне бағынбай әуреге салған
Фото: zona-komforta.com

Алматы қаласына қарасты мектептердің бірінде 2-сынып оқитын оқушы жалпы тәртіпке бағынбай, оның себебін діни әрі отбасындағы тәрбиемен байланыстыратынын айтқан, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бала үнемі агрессияда жүреді. Сыныптастарымен дұрыс сөйлесе, басқа балалар сияқты ойнай алмайды. Айтатыны «Сурет салу дұрыс емес. Адамның суретін салу - оған жан бітірумен тең. Ол тек Құдайдың қолынан келетін іс. Суретке түсуге мүлде болмайды. Мен әкеме де, шешеме де керек емеспін. Олар менің салатын суретіме қызығып қарамайды да. Сабақ оқығаныма, оқымағаныма көңіл бөлмейді, уақыттары жоқ. Мен оларға қызық емеспін. Мен о дүниені ойлаймын».

Енді ғана сегіз жасқа толған бала жақында сыныптасын сабақ үстінде қылқындырып тастаған. Мұғалімдер шошып жүріп, әрең дегенде ажыратқан. Бұл мәселеге қатысты сұрақ қойған сәтте бала, «біреуді аяусыз ұрғым келіп тұр», деп жауап берген. Ол өзін де аяусыз ұратын көрінеді. Басын партаға қатты соғып, қолын да көрінген жерге еш аямай соғады екен. Себебін сұрағанда, «бұл дүние жалған, мүлде қызық емес», дейді екен.

Мектеп басшылығы бүгінде баланың ерекше жағдайына байланысты психолог, полиция мен біріге жұмыс жасауды қолға алыпты. Психолог баламен сөйлесе келе, «Әкесін айтса жылай береді. Оны жақсы көрмейтінін, өскенде өзі жазалайтынын айтты», деген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow