Маңғыстауда көлік жанып кетті: Бір бала қаза тапты

Жеті адам ауруханаға жеткізілді.

Қыркүйек 3, 2024 - 17:09
Қыркүйек 3, 2024 - 17:09
Маңғыстауда көлік жанып кетті: Бір бала қаза тапты
Фото: Lada.kz

Қайғылы оқиға Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында 2 қыркүйек күні болды. Көлік өртеніп, оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

«Сағат 16:04-те Түпқараған ауданы Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі өртенді. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Lada.kz жазуынша, ауруханаға 7 адам – төрт ересек және үш бала жатқызылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 

«Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow