«Өз азаматтарымызды шетелге экстрадициялай алмаймыз»: Әшімбаев Украинада журналиске оқ атқан полицейлерге қатысты мәлімдеме жасады

Маусым 27, 2024 - 15:19
Маусым 27, 2024 - 15:20
«Өз азаматтарымызды шетелге экстрадициялай алмаймыз»: Әшімбаев Украинада журналиске оқ атқан полицейлерге қатысты мәлімдеме жасады

Сенатор Мәулен Әшімбаев Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген екі қазақстандық күдіктіні Украинаға экстрадицияламайтынын мәлімдеді.

Украина билігі күдіктілерді экстрадициялауды сұрады, бірақ сенат спикері Мәулен Әшімбаев “біз Қазақстан азаматтары туралы айтып отырмыз, сондықтан олар экстрадицияланбайды” деп жауап берді.

“Еліміздің заңнамасына сәйкес біздің республика азаматтарымыздың құқықтарына басымдық береді. Сондықтан бұл жағдайға қатысы жоқ екенін және қай істе болсын заңға және принципке бағынатынымызды айтқым келеді: Қазақстан өз азаматтарын шетелге экстрадицияламайды”, – деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін екі күдіктінің бірі Алтай Жақанбаевтың өзі полицияға келіп, кінәсін мойындады. Екіншісі, Мейрам Қаратаев (бұрынғы полицей) әлі іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Кейін екі күдікті анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға пікір білдіріп, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы бұл оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберіп, нақты тапсырма бергенін жеткізді. Айдос Садықтың әйелі де күдіктіні Киевке экстрадициялауды сұрады.

stan.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow