Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16 адамға жетті

Қазан 28, 2023 - 10:22
Қазан 30, 2023 - 10:40
Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16 адамға жетті

Костенко шахтасынан тағы 5 кеншінің мәйіті табылды. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

252 адамның 205-і шахтадан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кенші іздестіріліп жатыр. 16 шахтердің денесі табылды", - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.

Апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылды.

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow