Мүфти балмұздақтың харам екенін айтты

Желатин балмұздақты еріп, су боп ағып кетпеу үшін қосылады.

Шілде 4, 2024 - 14:51
Шілде 4, 2024 - 15:07
Мүфти балмұздақтың харам екенін айтты
Фото: unsplash.com

Күн ысығанда адамдардың ең сүйікті асына айналатын кәдімгі балмұздақ халял-харам деген тартысқа түсіпті. Бұл тартыс Түркияда әр жаз айларында басталады деп жазды Democrat ақпараттық порталы. 

Сүттен, қаймақтан жасалатын балмұздақ неге бұлай тартысқа түсті? Бұған себеп — түрік имам-қожаларының шығарған пәтуасы себеп болған.

«Балмұздақ жасауға үшін оның құрамына қосылатын Е441 қоспасы желатин деп аталады. Ал ол желатин тек доңыздан алынады. Желатин балмұздақты еріп, су боп ағып кетпеу үшін қосылады. Сондықтан ондай қоспасы бар балмұздақ — харам саналады», - дейді түрік қожа Сейіт Махмұт Бүтүн.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow