Бишімбаев ісі: Прокурор Нүкенованың басына жиналған қан мөлшерін көрсетті

Адам басына 70 мл гематома жиналса, өледі. Ал, Салтанаттың басына 230 мл қан жиналып, миын қысты.

Мамыр 2, 2024 - 12:51
Мамыр 2, 2024 - 12:52
Бишімбаев ісі: Прокурор Нүкенованың басына жиналған қан мөлшерін көрсетті
Фото: Жоғарғы сот

Прокурор Айжан аймағанова сот отырысындағы жарыссөзде марқұм Нүкенованың 2023 жылдың көктемінде, жазы мен күзінде Бишімбаевтан психологиялық, физикалық қорлық көргенін мәлім етті, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Құрметті алқабилер, құрметті сот, мен ақылды, білімді, келбетті, бірақ ең маңызды нәрсе, жүрегі жоқ адамды бірінші рет көріп тұрмын. Онда жүрек жоқ. Біз оның көзінен өкініш көрген жоқпыз. Жанашырлық, аяушылық сезімін көрмедік. Бишімбаевтың айтқанындай, Салтанат унитазға, еденге құлағаннан қаза тапты ма әлде оның соққыларынан көз жұмды ма, оны бізге мамандар мен экспертиза қорытындысы көрсетіп берді», - деді Айжан Аймағанова.

Ол алған соққылардан кейін Нүкенованың басына жиналған қанның көлемін құтыға сұйықтық құйып көрсетті.

«Адам басына 70 мл гематома жиналса, өледі. Ал, Салтанаттың басына 230 мл қан жиналып, миын қысты», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow