«Көлікпен мыжып, басынан кірпішпен ұрған»: Алматы жантүршігерлік қылмыс болды

Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Наурыз 29, 2024 - 12:05
Наурыз 29, 2024 - 16:09
«Көлікпен мыжып, басынан кірпішпен ұрған»: Алматы жантүршігерлік қылмыс болды
фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген күдіктінің видеосы тарап жатыр.

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Кадрларда ер адамның күзетшіні қолымен, аяғымен аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті басына секіріп, кірпішпен ұрғанын байқауға болады. Мұнымен қоймай, оны көлгімен үш мәрте басып өткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған, – деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow