Хасан Касымбаевтың қамалуы: желіде үш-төрт жігіттің бір адамды ұрып-соғып ВИДЕО-сы тарады

Келушіні ұрып-соғып, көлікке салып алып кеткендер - атышулы Хасан Касымбаевтың қолшоқпарлары.

Қараша 4, 2024 - 15:49
Қараша 4, 2024 - 16:24
Хасан Касымбаевтың қамалуы: желіде үш-төрт жігіттің бір адамды ұрып-соғып ВИДЕО-сы тарады

Атышулы Хасан Касымбаевтың ұсталуына қатысты тың деректер шыға бастады.

Желіде үш-төрт жігіттің бір адамды бас салып ұрып-соғып, көлікке салып алып кеткені туралы видео пайда болды. Кейбір дерек көздерінің жазуынша, Алматыдағы дүкендердің бірінің алдында болған бұл 2021 жылы түсірілген.  Келушіні ұрып-соғып, көлікке салып алып кеткендер  - атышулы Хасан Касымбаевтың қолшоқпарлары.

Бұған дейін 2021 жылдың маусымында А. есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен бес адамның ұсталғанын айтқан еді. Бұл іске Хасан Касымбаевтың қатысы бар болып шыққан. Алайда оқиғаның өзіне Хасан Қасымбеков қатыспаған. Хасан тапсырма бергені үшін күдікті болып отыр.

Полицияның айтуынша, олар Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкім негізінде сотталып, қазір жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow