«Кенесарының басы - қу сүйек, тайқазан - жай шойын темір»: белгілі әзілкеш ұлттық құндылықтарды жоққа шығарды

Өзбекәлі Жәнібеков Түркістанға тайқазанды әкелген күні Қазақстанда зұлымдық басталыпты. «Қазан келген күні зинақорлық, жемқорлық, араққорлық, нашақорлық басталды

Қыркүйек 25, 2024 - 17:46
Қыркүйек 25, 2024 - 18:12
«Кенесарының басы - қу сүйек, тайқазан - жай шойын темір»: белгілі әзілкеш ұлттық құндылықтарды жоққа шығарды

Халықтың ұлттық құндылықтарын жоққа шығарып, сакралды санайтын дүниелеріне шабуыл жасау жалғасуда  деп жазады Ержан Төлек өзінің Facebook парақшасында.

«Өткенде ата-бабаларымыз «дін үшін соғысқан» деп қоғамдық резонанас тудырып, айды аспанға шығарған Ғалымжан Құрманбек деген тамада бұл жолы тіпті еркін көсіліпті.

Әртістің сөзінше, кезінде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков Түркістанға тайқазанды әкелген күні Қазақстанда зұлымдық басталыпты. «Қазан келген күні зинақорлық, жемқорлық, араққорлық, нашақорлық басталды»,- дейді шімірікпестен.

Бұл әртіс Санкт-Петерборда жарты ғасыр тұрған киелі жәдігердің 1989 жылы елге жеткізілгенін. Содан кейін барып Тәуелсіздік алғанымызды, халықтың ондаған жыл езілген руһы көтерілгенін қайдан білсін! Не көкіп отырғанын өзі де білмейтін шығар…

Ұлттық тарихтағы ұлы тұлғалардың бірі Кенесары ханның басын – құр қураған сүйекке, қасеитті Тайқазанды жәй темірге, шойыңға теңейді. «Астапыраллаһ содан сақтанайықшы»,-дейді дінсоққан. Нағыз салафилік идеологияның иісі мүңкиді.

Құқық қорғау органдары заңға сай жауапкершілікке тарту керек. Бір емес, екінші рет ұлттық құндылықтарымыз бен болмысымызға тіл тигізіп, мазақ етіп отыр» деген Ержан Төлек дінді ұлттан жоғары қоюды әдетке айналдырған Ғалымжанның видеосымен бөлісті.

 

qazaq.today 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow