Астанада адам толы отырған аттракционның тросы үзіліп кетті

Аттракцион шұғыл тоқтатылды.

Тамыз 14, 2024 - 17:21
Тамыз 14, 2024 - 17:26
Астанада адам толы отырған аттракционның тросы үзіліп кетті

Әлеуметтік желіде қыз бен жігіттің аттракциондағы видеосы тарады. Бейнежазбадан аттракциондағы сымның кенет үзілгенін байқауға болады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қыз бен жігіт аттрауционға отырып, видео түсірмек болған. Бір сәтте қыздың бойын үрей билеп, қобалжи бастайды. Ал бозбала барынша оны тыныштандыруға тырысып бағуда.

Бейнежазбаға аттрацион сымының үзілген сәті түсіп қалды. Артынан аттракционды шұғыл тоқтату дабылы естілді.

Аттракционнан түскен екеуі желіге әткеншектің қандай күйде тұрғанын көрсетті.

Болған жағдайға қатысты елорданың орталық саябағының әкімшілігі пікір білдірді.

"2024 жылғы 13 тамызда сағат 19:20-да қатты соққан жел аттракцион бағанасына бекітіліп, декоративті жарықтандыруға арналған резеңкеленген әлсіз тоқ сымын үзіп кетті. Аттракцион шұғыл тоқтатылды”, – деп мәлімдеді әкімшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow