Қазақстан Қырғызстандағы селден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізді
«Biz Birgemiz Qazaqstan» қазақстандық қоғамдық қоры селден зардап шеккен қырғызстандықтарға қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп, Ош облысына бет алады.
Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажетті тауарлар, сондай-ақ гигиеналық заттар бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?