«Ішімдік ішіп, кальян шегеді»: Боксшы ұлттық құрамадағы былықты жайып салды

Егер мен этиканы бұзатын болсам, онда неге біздің құрамада Азия ойындарының алдында, әлем чемпионатының алдында барлығы жиналып, сөмкелеріне тығып әкелген кальян мен темекені шегіп, ішімдік ішеді?

Наурыз 18, 2024 - 15:21
Наурыз 18, 2024 - 15:42
«Ішімдік ішіп, кальян шегеді»: Боксшы ұлттық құрамадағы былықты жайып салды
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Динара Сәтжанның Youtube арнасына берген сұхбатында ұлттық құрамадан шеттетілгенін ашық айтты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

"2021 жылы тамыз айының соңында Бақтияр Артаев пен Марат Мықтыбеков базаға келді. Олар күзетпен кіріп келді. Бақтияр Артаев үнсіз ғана отырды. Ал Марат Мықтыбеков «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің атынан Анджелина Лукас ұлттық құрама сапынан шығарылсын...» деген бұйрықты оқи бастайды. Мен «Қалайша? Не үшін? Көптеген турнирлерде жеңіске жеттім» деген шокта болдым. Бұйрықта «Этиканы бұзғаны үшін» делінген. Марат Мықтыбеков бұйрықты оқып жатқанда мен жылдам диктофонымды қостым. Сосын мен оны қалай дәлелдей аламын? Ол бұйрықты оқыған соң, менің бапкерім шошып тұрып: «Сен маған командада тәртіпсіздік бар деп айтқан едің ғой», - дейді. Егер мен этиканы бұзатын болсам, онда неге біздің құрамада Азия ойындарының алдында, әлем чемпионатының алдында барлығы жиналып, сөмкелеріне тығып әкелген кальян мен темекені шегіп, ішімдік ішеді?", - дейді боксшы.

Ангелина Лукас спортшылармен қоса жаттықтырушылардың да мас боп жүретінін айтты, деп жазады el.kz.

"Әрине, мен жеке өзім араласпаймын, бірақ олар қыздармен кездесіп, жиналғандарында ештеңе айтқан емеспін...Егер олар маған тиіспесе, мазаламаса, мен өз жұмысымды істеймін. Міне, бұл нағыз этиканың бұзылғанын көрсетеді. Басқалар қарап тұрғанда ұлттық құраманың спортшысы қалай ішіп, темекі шегіп тұрады? Ол «Егер бұл оқу-жаттығу жиынында емес, Алматыдағы клубтардың бірінде орын алса, онда тұрған ештеңе жоқ», - дейді. Басшының өзі осылай дейді. Егер екі апта жаттығып, содан кейін бір апта қыдырумен болсаңыз, қалай нәтиже бере аласыз? Ол: «Жарайды, сонда жаттықтырушылар қайда қарап отыр?» деп сұрады. Мен: «Міне, олар да мас екен!» деймін. Мен оған осының бәрін жай ғана айтып тастадым", - дейді боксшы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow