Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Маусым 28, 2024 - 14:07
Маусым 28, 2024 - 14:08
Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды
Фото: Kenzaburo Fukuhara/Pool via REUTERS

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жоқ. Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде жариялады.

«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», - деп жазды ол.

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow