«Көреалмаушылық жатыр»: Жүрсін Ерман Дулат Исабековке шүйлікті
“Қойшыға–қор, жылқышыға–жыр” болдық.
«Кімнің есінде?» хабарында Жүрсін Ерман айтысты сынайтын сыншылар туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жүрсін Ерман айтыстың негізін қалаған жылдан бері сын бітпей келе жатқанын жеткізді.
“Қойшыға–қор, жылқышыға–жыр” болдық. Сыншылар көп. Оның ішінде өзіме ең ұнамайтын сыншы бар. Ол біздің жазушымыз Дулат Исабековтың пікірі. Ол да жалықпай айтып келе жатыр, мен де жалықпай қарсыласып келемін. «Бұл айтыс кімге керек?» - дейді. «Мына компьютер заманында балаларды басқа қызықпен еліктіру керек. Айтысты тоқтату керек» деп талай жерде айтты. Бұның артында көреалмаушылық жатыр деп ойлаймын. «Жазушыларымыз жарты жыл отырып түк алмайды, ақындар жарты сағат отырып көлік мініп кетеді» - деп айтады», - деді Жүрсін Ерман.
Айтыскер айтыс барысында «қандай құнды ойлар айтылды?» деуді талқылаудың орынына, «кім не алып кетті?» деп айтатындарға шүйлікті.
Сіздің реакцияңыз қандай?