Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты - БАҚ
Апатқа ұшыраған тікұшақ табылды.
Апат салдарынан Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшағының барлық жолаушылары мен экипажы қаза тапты.
Бұл туралы Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пир Хоссейн Коливанд мәлімдеді.
«Құлаған тікұшақтың орналасқан жері анықталған кезде, тікұшақ жолаушылардың тіршілік белгілері табылмады», - деді ол IRIB телеарнасында.
Бортта сондай-ақ Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Табриз қаласының жұма имамы Мохаммад Али Але Хашем болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?